- Қазақстандық кино нарықтағы тенденциялар өзгеріп жатыр. Нақтырақ атсақ, таңдау кеңістігі ұлғайып, киногерлер тың жанрларға қармақ салды. Мәселен, біз дәл қазір келген жабық көрсетілім – «Жыным сол» картинасы. Фэнтези бағытындағы санаулы фильмдердің алғашқысы.
«1001 түн» ертегісіне саяхат! «Жыным сол» картинасының жабық көрсетіліміне келген қонақтарды дәмді ас, әсерлі музыка және шығыс елінің атмосферасы күтіп тұрды.
Гүлдана Мұқан, тілші
- Жын қоныстанған сиқырлы құмыра, қарапайым банкирдің қолына түседі. Ол - сылқымдармен қарым-қатынас құруда олақ, махаббат машақатын бастан кешіріп көрмеген, өзіне сенімсіз жігіт. Мұндай мүмкіндік берілгенде бас кейіпкер абдырап қалады. Айтар армандары, орындатар мақсаттары көп-ақ. Дегенмен мұндай тылсым күшті құрықтай алудың өзі үлкен іс. Жауапты жұмысты орындалай ала ма?
Рамазан Амантай, актер
- Бұл қателеспесем, енді именно әлемдік киноларымыз бар ғой «Аладдин», «3 мың жылдық тілек» сондай дүниелердің қазақша нұсқасы.
-Сіз енді маған, бізге берген сұқбаттарыңыздың бірінде тек Нұрлан Қоянбаевтың продакшнымен жұмыс істеймін деген едіңіз, бірақ бұл жерде басты рөлде басқа продакшнда жүрсіз, қалай түсінеміз?
-03:17 Мен фильмдерді талғап, таңдап түсемін деп айтқан болатынмын. Осы фильм ұнады. Содан кейін образ ауыстыратын уақыт жетті.
Расында Рамазан образымды өзгерттім деп асыра сілтеп отырған жоқ. Жанр комедия болса да, ол өзге амплуаға оңтайлы еніп, картинаның өзегі бола алған. Ал, актердың ғашығын – Айжұлдыз Адайбекова ойнайды.
Айжұлдыз Адайбекова, блогер
Толқып тұрмын, себебі мен соңғы рет осыдан толықметражды киноға бірнеше жыл бұрын түстім. Сондықтан да бұл менде қайтіп оралудың бір сәті шығар, сондықтан да.
00:34 Енді анаңыз Жанар Айжанова кәсіби актриса ғой, талай жыл кинода жүр. Ақылдасып, пікір алмасып, бір курс өттіңіз ба анаңыздан?
- Шыны керек мамамен ешқандай курс өткен жоқпын, бірақ анаммен бірге бір фильмде түскен моменттерім бар. Ең бастысы құнды маған айтқан жүрегің не қалайды, солай жасасаң болды.
Сиқырлы құмырада жылдар бойы тұтқында жатқан жынның рөлінде - Дина Тасболатова. Актриса алғаш рет қазақ тіліді фильге түсті.
Дина Тасболатова, актриса
Бұл туындады графика, компьютерлік образдардың барлығы сіздің кейіпкеріңізбен байланысты яғни Джиннің образы. Қалай ойлайсыз, команда сапалы жұмыс істеді ма?
- Қолдан келгенше тырысып бақтық. Бағаны патша көңілді көрерменнен күтеміз. Мен үшін үлкен тәжірбие болды.
-Ал бұл фильмнің аудиториясы кім, посыл меседжі бар ма?
-Өмірде материалдық жағдайдан да маңызды дүниелер бар екенін көрерменге көрсеткіміз келді. Ол әрине жақсылық жасау.
Дархан Сәркенов, режиссер
- Тың жанрға қадам бастыңыз. Фантастика, фэнтези қалай екен?
-Шетелден ешқандай айырмашылық жоқ, яғни профессионалдық тұрғыда, тек қана уақыт жағынан қысады немесе бюджет жағынан келіспеушіліктер болып жатады.
Тәуекел Мүсілім, актер, тележүргізуші
- Фильмнен қандай әсер алдыңыз?
- Өте күлкілі сценарий өте, лайықты деңгейде жазылған екен.
Фатима Кулибали, актриса, модель
- Фильмнің мағынасы терең. Әрісере, өзіңді бағаламайтын жандардан бұрын жақындарыңызды бірінші орынға қою қажеттігін ұқтырады.
Айжұлдыз Адайбекова, блогер
- Өзіңіздің өміріңізде осындай Джин пайда болса қандай армандарыңызды орындатар едіңіз?
- Менің ең алғашқы арманым – әрбір адам өзінің жүрегін тыңдай білсе екен дейтін арман болар еді. Екіншісі бұл әлемде ауру балалар болмаса екен дейтін ниет болатын еді, үшіншісі – бақыт.
- Біріншіден бүкіл әлемде бейбітшілік болса екен деймін.
- Рамазан айтқандай, елімнің амандығын сұрайтын едім. Қазақ бай болсын, қазақ көп болсын деп сұрайтын едім.
- Армандауда да абай болу керек, сондықтан ойлану керек.
- Құдай сақтасын, шынайы өмірде шыққаннан сақтасын!
Ал, романтикалық фэнтези 2 ақпаннан бастап үлкен эірандарға жол тартады!
Рамазан Амантай, актер
- Тілекшілікпен келіңіздер, қолдаумен келіңіздер, сонда ғана өседі! Сын әрқашан енді бір-біріміздің жолымызды сәл бөгейді ғой.